Пайғамбардың өсиеті – әңгіме арқауы
Мүфтияттың діни оңалту бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Хасан Аманқұлов өз сапарының екінші күні Степногорск қаласына қарасты білім ордаларында кездесулер ұйымдастырылды. Жас ұрпақ өкілдеріне асыл дініміздің құндылықтарын, ата-бабаларымыз ұстанған ханафи мәсхабының жол көрсетер бағдарымыз екенін әңгімелеп берді. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, сондықтан саналы азамат болып қалыптасу үшін имани сананы да бойға сіңіру маңызды деді ол.
Хасан Аманқұлов Бестөбе кенті «Абу Шахман» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты. Онда Алланың елшісі, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның артына қалдырған өсиеттері жайлы мағыналы да, тағылымды әңгіме қозғады. Адамзатқа адаспас жол көрсеткен асыл пайғамбарымыздың ізгілікті насихаттап, мейірімділікке үндеген сөздері әркімнің жүрегіне сыр құяры анық.