Мешіт сәбидің еміне қол ұшын созды
Бүгінде өмірден қағажу көрген адамдар көп. Жаны жабырқап, Алланың үйінен де қамқорлық күтіп, көмек қолын созса деп үміттенеді. Себебі, мешіт имани рәсімдер жүргізетін орын ғана емес, ізгілік жасауда да көп істің ұйытқысы болады.
Жақында әлеуметтік желіде Асанәли деген сәбидің бауыр індетіне ұшырап, Түркия елінде ем алуға қыруар қаржы қажет екені жазылған еді. Көп түкірсе —көл демекші, бұл қайырымдылық істен Науан хазірет мешіті де сырт қалған жоқ. Осы қайырымдылық шараға үн қосып, қол ұшын берген жандар да көптеп табылды. Осының арқасында 600 мың теңге қаржы жиналып, облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит науқас баланың ата-анасына көмек қаражатты табыс етті.