Бас мүфти жазушы Жабал Ерғалиевті құттықтады
Бүгін Көкшетау қаласында қазаққа танымал тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиевтің жетпіс жылдық мерейтойы өтіп, бұл шараға Бас мүфти Наурызбай хазірет Тағанұлы арнайы келіп, құттықтады. Еңселі сарайда өткен мерейтойлық шарада сөз сөйлеп, қаламгер ағамыздың қайраткерлік қырына тоқталды. Оның ұлттың тілі мен дініне сіңірген ерекше бағалап, «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына —30 жыл» арнайы медалімен марапаттап, арқасына шапан жапты.