«Құран—Алланың сөзі»
Науан Хазірет мешіті, әйел — қыздар секторының ұйымдастыруымен 5-қараша күні, қасиетті Мәуліт мерекесіне орай қыздар арасында Құран жарысы болып өтті. Жарыс екі аталым бойынша жүргізілді: 30-шы пара және «Духә — Нәс» аралығы. Құран жарысына Ақмола облысы бойынша 32 қатысушы қатысты. Қасиетті Құранды жатқа оқуға талпынған талапкерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Қатысушылар махражы, тәжуиді, жаттау қабілетіне қарай бағаланды. Жарыс болғандықтан біреуі озып, жүлде алатыны анық.
• 30-шы пара бойынша жеңімпаздар:
I орын — Степногорск қаласынан келген Джусупова Сандуғаш Жанбатыровна (70 000 теңге)
II орын — Көкшетау қаласынан Асқарова Данель Болатовна (50 000 теңге)
III орын — Көкшетау қаласынан Ихатайқызы Ақкербез (30 000 теңге)
• «Духә — Нәс» аралығы бойынша жеңімпаздар:
I орын — Көкшетау қаласынан Тлеулі Шапағат Азаматқызы (50 000 теңге)
Il орын — Көкшетау қаласынан Асқар Зайтун Болатқызы (30 000 теңге)
III орын — Қараөткел ауылынан келген Сағынтайқызы Құрманкүл (15 000 теңге)