Әкесінің құрметіне қайырымдылық жасады
Кәсіпкер Алмас Қайырұлы облыстық мешітке келіп, бақилық болған әкесі Қайыр Махметұлының құрметіне қайырымдылық жасасам деп өтініш білдірді. Ардақты әкесінің дүниеден озғанына жиырма жыл болған екен.
Ислам дінінде де ата-анаға ерекше құрмет көрсетіледі ғой. Әкелерінің алдындағы парызын біреуге жақсылық істеп өтегісі келеді екен. Осылай ол алпыстан аса мұқтаж отбасыға мешіттің «Зекет» қоры арқылы азық-түлік таратты. Өз кезегінде облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит қайырымды жанға бата беріп, әкесіне құран бағыштады.