Жаңа мешіттің қазығы қағылды
Көкшетау қаласының «Бірлік» шағын ауданында жаңа мешіт салынатын болды. Қала жұртшылығы жаңа мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсіміне қатысты. Облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит қала әкімшілігімен мешітке деп арнайы жер бөлінгенін айтты. Қала әкімі Бауыржан Ғайса жердің барлық құжаттары заң түрінде рәсімделгенін, ал алда мешіт салуға қатысты әкімдік тарапынан қолдау жасалатынын атап көрсетті.
Жаңа мешітті «Жақыпов» құрылыс компаниясы серіктестігі салуға уәде беріп отыр. Осы рәсімге арнайы келіп қатысқан аталған компания басшысы Сайран Жақыпов мешітпен бірге, жастардың демалатын орнын да салуды ұйғарын отыр екен.
Ел ағасы, белгілі қаламгер Жабал Ерғалиев сөз алып, өзінің ізгі тілегін жолдады. Жаңа мешіт құжаттарын алдағы уақтты жасап, арнайы рәсімделетін болды.