Зекет—бес парыздың бірі
Мұсылман дінінің бес қағидалы парыздарының бірі — зекет беру. Осы мәселені терең қаузау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақмола облысына жұмыс бабында келді. Аталған қор жұмысын жақсы жолға қою жөнінен Ақмола облысында игі бастамалар көп. Қайырымдылық жұмыс та жақсы жолға қойылған.
Қор жетекшісі Науан хазірет мешітінде жамағатпен кездесу барысында да осы ойларды ортаға салды. Өз дәрісінде зекет мәселесіне тереңірек тоқталып, оның мән-маңызын түсіндірді. Мешіт жамағатымен жарасымды әңгіме өрбіді.