Қор жетекшісі кәсіпкерлермен кездесті
«Зекет» қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінде жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, пікір алмасты. Оларға зекет мәселесі жайлы шариғат ілімдерін әңгімелеп берді. Ұлттық құндылықтарды насихаттау аясында қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндірді. Әр зекет берушінің мол сауап алатынын да айтты. Себебі, олардың зекеттері шариғат талабымен жұмсалады. Әсіресе, жетім-жесірлерді қолдауға барынша назар аударылады.
Кәсіпкерлер де өз тараптарынан көп сауалдар қойды. Қор директоры оған жан-жақты толымды жауаптар қайтарды.