Имамдар футбол ойнап, жарысқа түсті
Көкшетау қаласындағы «Болашақ» сарайының спорт залында облыстағы ислам діні қызметкерлерінің шағын футболдан «Ислам—ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында додалы жарыс болып өтті. Бұл ашық турнирге Ақмола облысы аудандары мен қалаларынан барлығы тоғыз команда қатысты. Имамдар уағыз айтып, діни дәріс қана оқымайды. Бос уақыттарын салауатты өткізуге тырысады. Олардың теңбіл допты торда тербеткен көріністері осы ойымызды нықтай түседі. Сөйтіп, бас жүлде Науан хазірет мешітінің «Оқжетпес» командасына бұйырды. Ал Көкшетау қаласының «Намыс» және «Бірлік» аудан имамдарының командалары қалған екі орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.