Имамдар жылды қорытындылады
Науан хазірет мешітінде Ақмола облысының аудан-қала имамдары қатысқан жиналыс өтіп, онды жыл бойы атқарған жұмыстар сараланды. Әр өңір имамы есеп беріп, істеген істері жайлы айтып берді.
Әрине, дін насихаты, оның ішінде Мүфтияттың бірнеше бағыттағы тапсырмалары түгелдей жүз пайызға орындалды деп айта алмаймыз. Жетістіктермен бірге, кемшіліктер де жоқ емес. Дегенмен, негізгі арналы жұмыстар орайлы атқарылды. Алда осы үрдістен түспеудің қамын жасау жөнінде жаңа міндеттемелер қойылды.
Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит алда атқарылар шаруа аз еместігін айтты. Діни насихат ақсамауы керек. Қайырымдылыққа да көбірек көңіл бөлінуі тиіс деді ол.
Жиналыс соңында жақсы қырынан көрінген имамдар есімі аталды. Алдағы жылды да осылай ынтымақта өткізу керек деген түйін түйілді.