Жұма намазы оқылып, пәтуә сағаты өтті

Науан хазірет мешітінде  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Уағыз насихат” бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жұма намазын өткізіп, жамағатқа уағыз айтты. Онда мұсылман адамның болмыс-бітімі жайлы терең әңгіме қозғалды. Имани сананы қалыптастыру мәселесі бүгінде аса өміршең болып отыр. Ұлттық құндылықтармен діни дәстүрді ұштастыру маңызды екені айтылды.

Мүфтият өкілі  пәтуә сағатында жаңа діни шешімдер қабылдаудың жай-жапсарын тілге тиек етті. Пәтуә шығару барысында назар аударылатын жайларға кеңінен тоқталды.

Ағат айтқан шешімнің адасушылыққа әкелетінін атап көрсетті. Сондықтан Мүфтият бұл мәселені ұдайы назарда ұстайтынын өз сөзіне арқау етті.

Батыржан Мансұров одан әрі жергілікті имамдарға “Уағыз айту әдебі” тақырыбында семинар өткізді. Онда уағыз айту барысында  ерекше көңіл аударылатын жайларға жан-жақты тоқталды. Әсіресе, тақырыпты ашудағы тіл шеберлігі, айтылар ойдың тереңдігі жөнінде өзінің тұшымды ойын ортаға салды. Бұл да имамдарға сабақ алар шара болды.

Вам может также понравиться...