ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында Атбасар ауданы Атбасар қаласында мешіт жанынан бой көтерген имамдарға арналған жұмыс ғимаратының ашылуына қатысты.

Игі іс-шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, қоғамда бірлік пен татулықты нығайтуда, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуде имамдардың рөлі ерекше. Бұл ретте дін қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барынша жағдай жасау өте маңызды. Осындай мақсатта бұл ғимаратты ашып отырмыз», – деп атап өтті.

Айта кетсек, ғимаратта тұрғындармен кездесу залы, имамдар бөлмесі, дәрісхана, асхана бар.

Вам может также понравиться...