Мешітке жаңа кілем төселді

Мешіт – Алланың үйі, жамағаттың құлшылық жасайтын орны. Исламдағы тазалық атаулы осы мешіттен бастау алады. Бұл рухани тазалық қана емес, мешіттің ішкі тазалығына ерекше көңіл бөлінеді.

Міне, осыдан үш жыл бұрын қала мәртебесін алған Қосшы қаласындағы мешітте жаңарып, жасанып жатқандай. Жуырда жергілікті атымтай жомарт жандардың демеушілігі арқасында 750 шаршы метр құлшылық алаңына түгелдей Түркиядан әкелінген жоғары сапалы кілем төселді.

Осы ретте жергілікті жамағат атынан осы іске мұрындық болған Нұрдәулет Қасеновке, Ержан Молдыбаевқа және мешіт жамағаттарына ерекше алғыстарын жолдады.

Вам может также понравиться...