Зират қорым тазаланды
Жаз шыға қыс бойы жиналған көң-қоқысты тазалау бастау алады. Арнайы бейсенбілік пен сенбіліктер ұйымдастырылады. Бүгін Науан хазірет мешітінің бастамасымен Көкшетау қаласының мұсылмандар зиратына тазалық күні өткізілді. Қорымдар маңы қалдық заттар мен қоқыстан тазартылды. Бұған дін қызметкерлері мен жамағат қатысты.
Алда осындай тазалық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге енгізбекші. Бұл игі шараны көпшілік қолдап отыр.