Имамдарға арналған семинар өтті
Көкшетау қаласындағы орталық «Науан хазірет» мешітінде облыс бас имамы Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» деген тақырыпта өңір имамдары мен молдаларына арналған семинар өтті.
Бұл шараға Мүфтияттың бес бағыты бойынша жыл басынан бері атқарылған іс-шаралар талқыланды. Алдағы уақыттың жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Сонымен бірге мешіт имамдарының қызметтік әдебі сөз болды. Бұл турасында бас имам өз ойын ортаға салды.
Бұдан бөлек ақмолалық дін қызметкерлері алдында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет орталығының басшысы Мейрамбек Қабылбекұлы зират және зиярат әдебі бойынша баяндама оқып, жерлеу мәселесіне қатысты ойлы пікірлерін айтты.
Осылай дін адамдарына қажет мағлұматтар талқыға түсті. Бір жағынан ақыл-кеңес тұрғысында мәселе кеңінен тілге тиек етілді.