Науан хазірет мешітіндегі жаңа тағайындау

Бас мүфтидің бұйрығымен Нұр-Мүбәрәк ислам мәдениеті университетін биыл тәмәмдаған жас маман Арлан Аманжолұлы Ақаев арнайы жолдамамен Ақмола облыстық Науан хазірет мешітіне ұстаз болып тағайындалды. Мүфтидің бұйрығымен таныстырған бас имам Қуаныш қажы Сәбит жас ұстазға алдағы дін жолындағы қызметіне табыс тіледі. Осылай Науан хазірет мешіті тағы бір ұстазбен толықты.

Вам может также понравиться...