Бас имам жаңа мешіттің құрылысымен танысты
Көкшетау қаласының «Бірлік» шағын ауданы іргелі елді мекенге айналып келеді. Биыл мұнда кәсіпкер Сайран Жақыповтың қолға алуымен екі жүз орындық мешіт құрылысы бастау алған еді.
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит жаңа салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Демеуші кәсіпкердің айтуынша, алдағы қараша айында тапсырылады деп отыр. Мешіт жанында спорт алаңы, балалар ойнайтын орын қоса салынбақшы. Мешіттің 150-200 орындық асханасы да жобада бар екен.
Бас имам құрылысшыларға істеріне табыс тіледі.