Студенттерге ауызашар берілді
Қасиетті Рамазан айы — мейірімділік пен қайырымдылық, бауырмалдық пен қамқорлық айы. Осы айда көп ізгі істер жасалады. Бурабай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Щучинск қаласындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне аузашар берілді .
Аудан имамы Жасылан Ертихалов имам студенттерге уағыз айтып, жастар ертеңгі елдің тірегі екенін, білім алу аса тағылымды жол екенін әңгімелеп берді.
Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы Дабаров Рысбек студенттермен сұхбат жүргізді. Оның барысында студенттердің сұрақтарына толымды жауаптар берілді. Ерекше көзге түсіп, белсенді болған студенттерге сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде аталған университет ұжымы атынан имам Жасұлан Ертихаловты студенттердің тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.