Ізгілік шарасы жалғасты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Осы шара бастау алғалы Ақмола облысы бойынша 5 миллион 740 мың теңгенің қайырымдылығы жасалып, 561 адам қамтылды. Бұл азық-түлік, ақшалай сертификат түрінде ұйымдастырылды. Акция Ораза айы бойы жалғасады. Осы айдың бір шарапаты -ізгілік пен мейірімділік. Сондықтан жаны жабырқаған жандарды қуантудың тағылымы мол.