Ене мен келіннің жарастығы
Бурабай аудандық мешіті әйел-қыздар секторы мен Бурабай аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Ене-шамшырақ, келін-алтын кереге” атты аудандық байқауы болып өтті. Отбасы құндылықтарының өнегелі үлгісін дәріптеп, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз.
Байқау алты кезең бойынша жүзеге асты.
1. Таныстыру. (Менің енем жақсы адам! Менің келінім-алтын!).
2. Викториналық сұрақтар. (Ене мен келін бір-бірін қаншалықты таниды).
3. Өмірлік сабақтар. (Қойылым).
4. Енеге хат, келінге хат. (Кешірім мен шүкіршілік)
5. Психологиялық портрет. (Кәсіби психологтан кеңес)
6. Шығармашылық тапсырма.
Байқауға бес жұп қатысты. Әрбір кезең бойынша ене мен келін сынға түсіп, ерекше, креативті дайындықтарымен көзге түсті.
Байқау соңында сайыскерлеріміз жүлделі орындармен марапатталып, гүл шоқтары беріліп және ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Белсенді қатысушыларға да сый-сияпаттар жасалды.
Үздік ене мен үздік келін анықталып, лента тағылды.
Байқауға қатысушы ханымдарға, әділ-қазылар алқасына, көрермендерге алғыс айтып, ибалы келін, дана енелеріміз көп болсын деп тілекпен тарқасты.