Кәсіпкерлерге семинар ұйымдастырылды
Мұсылманшылық тек намаз оқумен бітпейді, ол бар ізгіліктің шуағын шашу, қайырымдылық жасау, бауырлық таныту секілді сипаттармен де көрінеді. Бүгінде бизнестің тетігін ұстаған көп азамат тапқан пайдасынан жарлы-жақыбайларға да қарасады.
Міне, Мүфтияттың “Зекет және қайырымдылық” қорының директоры Мақсатбек Қайыргалиев Көкшетауда бір топ кәсіпкерлермен кездесіп, семинарлық шара тұрғысында бас қосты. Онда “Зекет және ұшыр” тақырыбы кеңінен сөз болды. Шариғаттағы қайырымдылық тағылымы жайлы бизнес өкілдеріне кеңестер берілді.