Түзету мекемесінде ауызашар берілді

Көкшетау қаласында қасиетті рамазан айының құрметіне орай  түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ауызашар дастарханы жайылды. Қайырымдылық шарасы аясында 160 адамға арнайы ауызашар тағамдары таратылып, рухани қолдау көрсетілді.

Іс-шара барысында жиналған жандарға Рамазан айының маңызы мен адамды сабырлыққа, мейірімділікке, кешірімге тәрбиелейтін қасиеттері туралы насихат айтылып, дұға жасалды. Мұндай игі бастамалар жазасын өтеп жатқан азаматтардың рухани тұрғыда серпіліп, қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізетіні айтылды.

Ауызашар соңында жамағатқа амандық пен бірлік тілеп, баршаға Алланың рақымы мен берекесі тілінді.

Вам может также понравиться...