Қадір түні қарсаңында құрмет: қари мен имамдарға ерекше сый жасалды

Демеушілердің қолдауымен Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде Рамазан айы бойы 30 күн тарауих намазын өткізіп, Құран хатым жасаған Сүлеймен қариға 500 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласында дін жолында ерекше қызмет етіп жүрген екі имамға умра қажылығына жолдама сертификаттары сыйға берілді.

Аталған игі сыйлықтар Қадір түні кешінде Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының қатысуымен салтанатты түрде табысталды.

Вам может также понравиться...