Көкшетау қаласы мешіттерінде Қадір түні кеші өтті

Рамазан айының 27-түні Көкшетау қаласы мешіттерінде жылдағы игі дәстүрге сай Қадір түні жамағатпен бірге кең көлемде ұйымдастырылды.

Қасиетті түнде тарауих намаздары оқылып, Құран толық хатым етілді. Хатым дұғасы жасалып, жамағатпен бірге ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін арнайы дұға бағышталды.

Кештер барысында жамағатқа тағылымды уағыз-насихаттар айтылып, түрлі ойындар мен викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, жамағатқа еркін құлшылық жасауға мүмкіндік берілді.

Қадір түні аясында жамағатпен бірге түнгі намаздар, тахаджуд және тасбих намазы оқылып, ел мен жердің амандығы үшін дұғалар жасалды.

Сәресі уақытында мешіттерде жиналған жамағатқа арнайы сәресі дастархандары жайылып, жамағатқа қызмет көрсетілді.

Вам может также понравиться...