Студент жастармен рухани кездесу

Бурабай аудандық мешітінің және Ақмола облысы «Жастар ісі секторының» ұйымдастыруымен Щучинск қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 4-курс студенттеріне арналған рухани кездесу өтті.
Кездесу қасиетті Рамазан айына орай ауызашар форматында ұйымдастырылды. Шара барысында студенттерге уағыз-насихат айтылып, рухани тәрбие, жастардың қоғамдағы орны, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде тағылымды ойлар қозғалды.
Сондай-ақ қатысушылар арасында еркін сұрақ-жауап ұйымдастырылып, студенттер көкейлеріндегі сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Рухани кеш жастарға ой салып, имани тәрбие мен бірлікке үндеген мазмұнды жиын болды.






