«Көршіңе қуаныш сыйла» жобасы аясында игі іс

Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Етекбай молда мешіті ұжымының ұйымдастыруымен «Көршіңе қуаныш сыйла» жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында Бірлік ықшамауданында тұратын жергілікті қариялар мен ақсақалдардың үйлеріне арнайы барып, олардың хал-жағдайы сұралды. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздер мен ізгі тілектер жеткізілді.
Бұл игі бастама – үлкендерге құрмет көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтудың жарқын үлгісі болды.






