
Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті Рамазан айында бастау алған қайырымдылық шараларын Ораза айт күні де жалғастырды. Игі бастаманың аясында 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл қайырымдылық көмек мереке күні мұқтаж жандардың жүрегіне жылулық сыйлап, олардың қуанышына себеп болды. Айттың шаттығын сезінген тұрғындар ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жеткізді.
Аталған шара – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың көрінісі болып, ізгі амалдардың үзілмей жалғасып жатқанын аңғартты.

- Amanbek Sailau · Published 08.03.2025
- Amanbek Sailau · Published 09.08.2023
- Amanbek Sailau · Published 13.10.2023