Үш айлық семинар жалғасады

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің бастамасымен  жергілікті дін қызметкерлерінің білімін ұштап, біліктілігін көтеруге арналған үш айлық семинар ұйымдастырылған еді. Жақында осы семинардың алғашқы кезеңі аяқталды. Семинардың екінші үш айлық кезеңі Ораза айынан кейін жалғасатын болды.

Көкшетау қаласының имамдары мен ұстаздары үш айлық дәріс беруден көп мағұлмат алды. Оларға Құран жаттау және тәджуид пәндерінен жан-жақты білім берілді. Бұл уақыт талабына сай жаңа танымдық білімнің арнасын кеңейтуге жол ашары анық.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит үш айлық оқыту семинарынан дәріс алған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етті.

 

 

Вам может также понравиться...