Төрт күндік оқыту семинары
Имам қызметкерлердің біліктілігін ұдайы көтеру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болса керек. Осы мақсатта облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің бастамасымен Ақмола облысына қарасты аудан бас имамдарына арналып төрт күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.
«Усул фиқһ» сабағынан наиб имам Ұлан Шәріпов, Құран жаттаудан Айбек қари, тәжуид пәнінен Серік Халықов дәріс беріп жатыр. Осы күні білімдерін ұштаған дін қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын да семинар барысында ортаға салынуда.