Зардап шеккендерге дұға тіледі

Табиғат апаты айтып келмейді. Төтеннен болатын апаттан адамдар көп зардап шегеді. Биылғы су тасқынының белең алуы да тұрғындарға жайсыздық тудырып отыр.

Әркім өз қал-қадірінше көмек қолын созуда. Қайырымдылық көмектер де жасалып жатыр. Мешіт имамдары да өздерінің дұға тілектерінде елдің амандығын тілейді. Құптан намазында Ақмола облысының имамы Қуаныш қажы Сәбит жамағатпен кездесті. Бұл «Рамазан және бас имам сағаты» айдарымен өтті. Кез-келген адам өзін толғандырған сауалдарын қойып, оған толымды жауаптар алды.

Облыс имамы намаздан кейін су тасқынынан зардап шеккендерге дұға бағыштап, елдің амандығын тіледі.

 

Вам может также понравиться...