Жас отбасыларға ауызашар берілді
Еліміздің Бас мүфтияты қоғамдағы ізгілік құндылықтарды кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Ұлттық салт дәстүрді дінмен ұштастыра дамыту негізгі мақсаттың бірі.
“Ислам және отбасы” бағдарламасы аясында мешіттерде некелерін қиған жас отбасыларға насихат жұмысын жандандыру мақсатында жергілікті мешіттерде ауызашарлар беру де тапсырылған еді. Науан хазірет мешітінде жамағатпен бірге жас отбасыларға да дастархан жайылды. Оларға имамдар отбасы бақыты туралы уағыз әңгіме айтты.