Тегін такси қызмет көрсетеді
Қасиетті Рамазан айы да өрмек жүзінен ауды. Мешіттерде тарауық намаздары оқылып жатыр. Мүфтияттың ізгі қоғам құру бастамасын мақсат еткен адамдар Ораза айында қайырымдылық жасауға құлшынады. Ақмола облысының барлық мешіттерінде діни қызметкерлер мен жамағат арасынан тарауық намазынан кейін адамдарды үйлеріне тегін апаруға ниет еткендер көбейді. Тегін такси қызметін көрсеткен қауымға Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.