«Арақсыз ауыл»: Красный Яр кентінде үгіт-насихат шарасы өтті

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде арақ «жамандықтың анасы» деп аталады. Шынында да, оның жеке адамға да, қоғамға да тигізер зияны орасан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай «Арақсыз ауыл» жобасы аясында Ақмола облысы, Красный Яр кентінде түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға Красный Яр кентінің бас имамы Науан Мүталұлы, ауыл ақсақалдары, Краяный Яр кенті әкімінің орынбасары және Көкшетау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, Рамазан айында спирттік ішімдіктерді сатпау жөнінде жергілікті дүкен иелеріне үндеу жасады.

Нәтижесінде кент аумағындағы үш дүкен қасиетті Рамазан айында алкогольдік ішімдіктерді сатпау туралы шешім қабылдады.

Вам может также понравиться...