Қосшы қаласында зекет мәселесіне арналған семинар-тренинг өтті

Қосшы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аясында зекет мәселесіне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Ел үлесі – пәтер», «Тайқазан», «Рамазан тәттісі» жобалары мен қайырымдылық бағытындағы жұмыстар кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар зекет пен ұшырдың берілу тәртібі, есептелу жолдары және тарату бағыттары слайд арқылы түсіндіріліп, жиналған жамағатқа жан-жақты мәлімет берілді.

Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов жүргізді.

Семинарға қатысушылар зекетке қатысты өзекті сұрақтарын қойып, көкейдегі сауалдарына нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Іс-шара халықтың діни сауатын арттырып, қайырымдылық мәдениетін дамытуға оң ықпал етті.

Вам может также понравиться...