Қосшы қаласында ҚМДБ халал бойынша семинар-тренинг өтті

Қосшы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен «Адал ас және Рамазан айындағы тағам әдебі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында адал тағам тұтыну талаптары, Рамазан айындағы тамақтану тәртібі, тағам құрамындағы қоспаларға қатысты маңызды мәліметтер кеңінен түсіндірілді. Семинарға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды.

Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Халал Даму мекемесінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов жүргізді.

Аталған семинар-тренингке ҚМДБ Халал Даму мекемесінің мамандары арнайы шақырылды. Атап айтқанда, Халал Даму мекемесінің эксперт-аудитор, бас маманы Белтаева Жаннат Ахмедқызы және технолог маманы Жұбанышева Ардақ Талғатқызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-тренингке 50-ге жуық адам қатысып, халал талаптары мен Рамазан айындағы тағам әдебіне қатысты пайдалы ақпарат алды.

Вам может также понравиться...