Батагөйлер сайысы өтті

«Баталы құл арымас» деген қазақта жақсы сөз бар. Бата — ұлттық дәстүр негізі. Жақында Науан хазірет мешітінің ұйымдастыруымен 2-інші республикалық бата сайысына іріктеу кезеңі өтті. Барша сайыскерлерді құттықтаған облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит дін мен дәстүрдің егіз ұғым екенін айтты. Сайыскерлерге табыс тіледі.
Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс аса тартысты өтті. Сөйтіп, бас жүлде Жексенбай Мұқанұлына бұйырса, қалған екі жүлделі орынға Жұмат Ехсанұлы мен Қабдыжәлел Сахарияұлы лайық деп табылды.
Сайыс жеңімпазы Түркістанда өтетін республикалық «Ақ бата» батагөйлер сайысына жолдама алды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйақылар табыс етілді.

 

Вам может также понравиться...