Қадір түні тағылыммен өтті

Рамазан айындағы ең қасиет тұтар- Қадір түнін мұсылман қауым ыстық ыждаһатпен қарсы алады. Науан хазірет мешітінде жамағат көп жиналды. Алладан тілек тілеген жандар құлшылықтарын жасады. Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит құптан намазы алдында уағыз айтты. Содан кейін тарауық намазы оқылып, Құран хатым етілді.

Ораза бойы тарауық намазын өткізген Мысыр еліндегі әл – Азһар университетінің «шариғат және пәтуә» бөлімінің маманы, қари Мұхаммад Салахқа ерекше құрмет көрсетіліп, елдің атынан алғыс білдірілді.

Осы күні жамағатқа уағыздар айтылып, ұялы телефон қосымшасы арқылы сұрақ-жауап және дүниеден озған ата – бабаларымызға Құран бағышталып, дұға жасалды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ал, сәресі асына 1700 — дей адам қатысты. Таң намазы оқылып, мешіттегі шара өз тағылымымен есте қалды.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...