«Дұғам қабыл болсын» атты дұға сайысы өтті

Screenshot
Көкшетау қалалық Жақия қажы мешіт, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «1-маусым Халықаралық балалар қорғау» күніне орай, «Дұғам қабыл болсын» атты 7-12 жас аралығындағы қыз балаларға арналған дұға сайысы өтті.
Сайысқа 32 шәкірт қатысты. Шәкірттер жарыстың әр кезеңіне арналған тапсырмаларға белсене қатысып, дайындықтарының жақсы деңгейде екенін көрсете білді.
Сайыстың соңында Науан Хазірет мешітінің ұстазы: Халикова Махаббат ұстаз шәкірттерімізге жылы лебізі мен көркем насихатын жеткізді.
Балаларға мерекелік көңіл-күйді арттыру ниетімен әзірленген арнайы сыйлықтар мен тәтті балмұздақтар әрі шарлар тарту етілді.
Алла Тағала шәкірттеріміздің білімін арттырып, дұғаларын қабыл етсін!

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot