Қыз баланың тәрбиесі сөз болды
Науан хазірет мешітінің әйел -қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тыйым «атты семинар өтті. Бұл шарада әжелердің атынан Кәбира Мәдиқызы сөз алып, «Қызын жақсы тәрбиелеген-елін тәрбиелейді»деген тақырыпты кеңінен ашып берді. Ізгі аналар мектебінің мүшесі Айгүл Зикенқызы «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»тақырыбында баяндама жасап, жастардың қазіргі кездегі ақпараттық құралдарды дұрыс пайдалану арналарына тоқталды. Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының Оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Құралай Көшкінбайқызы»Тәрбиелі қыз-ертеңгі жақсы жар, өнегелі ана»тақырыбын әңгімеледі. Науан хазірет мешітінің ұстазы Махаббат Майлыбайқызы «Мұсылман қызға тән сипаттар «жайында жастарымызға керекті мағлұматтар берді. Семинардың соңында келген қонақ әжелеріміз қыздарымызға өз тілектерін, қазақтың салт -дәстүрімен байланыстырып насихаттарын жеткізді.