Имамның әдебі, жүріс-тұрысына мән беріледі

Имам- мешіттің айнасы, оған қарап жамағат бой түзейді. Дін қызметкерінің айтқаны ғана емес, істеген ісі де соған сай болуы керек.
Міне, осы тақырыптар Целиноград ауданында өткен шарада кеңінен сөз болды. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасы, имамның қызмет этикасы, уағыз айту әдебі және киім кию әдебі сынды құжаттар кеңінен талқыланды. Осы қабылданған құжаттарда көрсетілген мәселелер қағаз жүзінде қалмауы маңызды екені айтылды.
Жалпы, діни құндылықтардың кеңінен насихатталуы, оның ұлттық тарихпен, әдет ғұрыптармен астасуы ең алдымен уағыз айтушы имамдардың шешендік машығына көп байланысты. Аталған шарада осындай түйін түйілді.
Науан хазірет мешітінен арнайы барып қатысқан Аманбек Сайлау өз сөзінде мешіт және имам ұғымдарының аса терең екенін тілге тиек етті.

Вам может также понравиться...