Айт намазы оқылды, құрбан шалынды

 

Ислам күнтізбесіндегі айшықты оқиға — Құрбан айт мерекесі ерекше ыждахатпен тойланып жатыр. Науан хазірет мешітінде Айт намазы оқылып, облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит құтпа оқыды. Осы шараға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов қатысып, барша мұсылман қауымды құттықтады. Елдің амандығын тілеп, өзі “Бижан” ет комбинаты кәсіпорнында қүрбандыққа мал шалды.
Биыл құрбан шалу үшін “Әз” мал базарында барлық жағдай жасалды. Имамдар бата беріп, қасапшылар да қызмет көрсетті.
Жамағатқа құрбан шалып, қайырымдылыққа беру үшін онлайн қызмет түрі ұйымдастырылды. Құрбан айттың алғашқы күні он төрт адамнан тапсырыс түсті.
Мұқтаж адамдарға да қайырымдылық негізде құрбан мал еттері таратылды. Мұндай мереке күнгі шаралар өңірдің барлық мешіттерінде қолға алынды.

 

Вам может также понравиться...