Қосшы қаласында “Ислам және дәстүр құндылығы” атты сайыс өтті

2024 жылдың 1 желтоқсанында Ақмола облысы Қосшы қаласындағы “Оңдыбай ата” мешітінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында сайыс өткізілді. Бұл шараға жастар өздерінің діни білімдерімен қатар, өнерлерін де ортаға салды.

Іс-шараны Қосшы қаласындағы “Бөгенбай батыр” мешітінің Бас имамы Төлеген Арғынбайұлы ашып, жиналған жамағатқа ислам дінінің және ұлттық дәстүрлердің құндылықтары туралы насихат айтып, олардың мән-маңызын түсіндірді.

Жарыс төрт кезеңнен тұрып, қатысушылар өзара білім мен өнерде бақ сынасты. Қиын да тартысты өткен сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

• Бас жүлде — «Әл-Хафиз» тобы

• 1 орын — «Мақтаулының үмметтері» тобы

• 2 орын — «Жәннат гүлдері» тобы

• 3 орын — «Фердаус» тобы

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтармен ынталандырылды. Бұл шараның маңызды нәтижесі — жастарға діни білім мен ұлттық дәстүрді ұштастырудың маңыздылығын ұғындыру болды.

Вам может также понравиться...