Бурабай ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Бурабай аудандық мешітінде жаңа бас имамды таныстыру рәсімі өтті.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Дабаров Рысбек Бурабай аудандық мешітіне бас имам болып тағайындалды. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы жаңа бас имамды жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мешіт жамағатына береке-бірлік, ынтымақ пен ауызбіршілік тіледі.

Жиын барысында ауданның бұрынғы бас имамына жамағат тарапынан ризашылық білдіріліп, көп жылғы еңбегіне құрмет көрсетілді. Ақжолтай ниетпен оған Умра қажылығына жолдама сыйға тартылды.

Сонымен қатар, орталық мешіт атынан Жаслан Ертихалұлы алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.

Жаңа бас имамның қызметіне береке тілеп, Бурабай ауданындағы мешіт жұмысының одан әрі өркендеуіне тілектеспіз.

Вам может также понравиться...