Ілім іздеген жастарға арналған ауызашар

18 наурыз күні “Нұр-Мубарак” Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан Ақмола облысының студенттеріне облыс өкілдігі тарапынан ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кеш барысында студенттерге жауапты ұстаз Серік Халықов жастарға білім алудың маңыздылығы, ілімнің адам өміріндегі орны мен жауапкершілігі туралы тағылымды уағыз айтты.

Кездесу студенттердің бірлігін арттырып, рухани тұрғыдан серпіліс сыйлаған әсерлі басқосу болды.

Вам может также понравиться...