Жабал аға марапатыңыз құтты болсын!

Шығыс халықтары үшін аса қастерлі мереке — Наурыз мейрамы қарсаңында бізді қуантқан айрықша оқиға өрбіді. Қазақ еліне есімі етене таныс, қоғам қайраткері, белгілі жазушы, драматург Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірінші дәрежелі Барыс орденімен марапатталды. Ел мүддесі жолындағы мінсіз еңбегі, адал қызметі үшін осындай биік марапатты иеленді.
Жабал ағамыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ақсақалдар алқасының да мүшесі. Діни, имани насихат, ұрпақ тәрбиесі сияқты өміршең мәселелерге де терең ой айтып, қалам тербеп келе жатыр.

Барша мұсылман қауымы атынан Жабал Ерғалиұлы мемлекеттік марапатпен шын жүректен құттықтап, алда алар асуыңыз биік болсын дегіміз келеді. Отбасыңыз аман, ұрпағыңыздың қуанышына бөленіп, ел мүддесі жолында еңселі биіктен көріне беріңіз.

Вам может также понравиться...