Жол бойында намазханалар ашылды
Біздің еліміздің Ата заңында ешкімді түріне, нәсіліне, дініне қарап кемсітуге болмайтыны баса айтылады. Әркім еркін өмір сүруге хақылы. Осы тұрғыда біздің Мүфтиятымыз да елдің бірлігі мен ынтымағын жарастырып, адамдарды алаламай, ортақ мүддеге жұмылдыруға барынша атсалысып жатыр.
Жақында республикалық маңызы бар Астана-Щучинск тас жолының бойында автобанның екі жағына модулді намазханалар салып, пайдалануға берілді. Бұл жолаушылап келе жатқан жандарға өте ыңғайлы болатын ғибадат орны саналады.
Осы нысандарды “Қазавтожол” АҚ Ақмола филиалының басшысы Хамзат Жастайұлы және Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит салтанатты жағдайда ашты.
Діни ғимарат өте жылы намаз оқуға қажет құралдар толығымен қамтамасыз етілген.
Бас имам алда мұндай намазханаларды басқа да тас жолдар бойында ашылатынын атап көрсетті.






