«Мектепке жол»: 100 балаға 3 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді

 

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында 100 балаға жалпы 3 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық көмегі көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға берілді. Қаржылай қолдау балалардың жаңа оқу жылына дайындалып, мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуына жұмсалады.

Игі шараны Ақмола облыстық Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы ашып, балаларға білім алудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар ата-ананы ардақтап, ұстаздарды құрметтеуге, жақсы тәрбие мен ізденісті серік етуге шақырды.

Мұндай қайырымдылық шаралары әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасыларға демеу болып, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді.

Ізгі іске атсалысып, балаларға қуаныш сыйлаған барша азаматтарға Алла разы болсын!

 

 

Вам может также понравиться...