Балаларға оқу құралы табыс етілді
Мүфтияттың “Зекет және Қайырымдылық” қорының директоры Мақсатбек Қайыргалиев Көкшетау қаласына сапары кезінде Науан хазірет мешітінде аз қамтылған отбасылардың сексен баласына оқу құраллары салынған қоржын сөмкелерді тарту етті. Бұл еліміздегі “Мектепке жол” акциясы аясында өтті. Ол өз кезегінде мұндай қайырымдылық істер бүкіл еліміз бойынша жалғасып жатқанын айтты.