Көп балалы анаға пәтер сыйлады

“Ел үлесі — пәтерге!” жобасы Мүфтияттың қайырымдылық бағдарламасы болып табылады. Осы жоба аясында 777-інші екі бөлмелі пәтер Көкшетау қаласының тұрғыны, көп балалы ана Махида Хасанхановаға табыс етілді. Жаңадан бой түзеген көп қабатты үйден берілген пәтер осы заманғы құрылыс өнерімен жөнделген.
Пәтер сыйлау үшін Мүфтияттың “Зекет және қайырымдылық” қорының басшысы Мақсатбек Қайыргалиев арнайы келді.
Осы шараны ашқан Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит шариғатымыздағы ізгілік амалдар жайлы айта келіп, көп балалы анаға қуаныш сыйлау аса ыждахатты іс деді.
Махида ананың жеті баласы бар екен. Он шақты немерелері де әжелеп аяғына оратылып жатты.
Осы қайырымдылық іске мұрындық болған барша жаны ізгі жандарға тек жақсылық тілейміз.






 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...