Алланың есімін жатқа айтты
Аршалы ауданында Рамазан айының құрметіне 5 пен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан аудандық жарыс өтті. Мүдірмей айтқан жасөспірімдер өздерінің таланттарын жақсы қырынан паш етті. Бір атап өтерлігі, жарысқа қатысқан барлық жасөспірімдерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, ерекше өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар берілді. Бұл шара жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу мен рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
5-8 жас аралығы бойынша:
Грант -при жүлдесі (20 мың теңге)
Ибрахим Байжанұлына,1 орын (15 мың теңге)
Айша Мұхамедқалиқызына,
2 орын (10 мың теңге)
Мәриям Төлегенқызына, 3 орын (5 мың теңге)
Жансезім Батырханға;
8-13 жас аралығы бойынша:
Гран-при жүлдесі (25 мың теңге)
Әмина Байжанқызына,
1 орын (20 мың теңге)
Ділдә Төлегенқызына,
2 орын (15 мың теңге)
Аружан Қуатқызына,
3 орын (10 мың теңге) Жанбота Хусбекке бұйырды.